Жастар бірлестіктер

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының құрамына 26 этномәдени бірлестіктер кіреді, олардың мақсаты этностардың салт-дәстүрлерін, мәдениетін сақтап қалу, сонымен қатар этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтап қалу болып табылады.

Этномәдени орталықтар жастар клубтары жұмыс істейді, олар кейінірек облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жастар қанатына біріктірілді. Олар келесі іс-шараларды ұйымдастыруға белсенді түрде қатысады: Қайырымдылық балы, «Общественная инициатива» әлеуметтік жобалар конкурсы, «Этно-Fashion», «Мисс Ассамблея» фестивальдері, «Біздің күшіміз-бірлікте!» жастар лагері және басқалар.

Осыдан басқа, облыстық этномәдени бірлестіктер өткізетін іс-шаралар дәстүрлі болуда. Бұл ұлттық мәдениеттер фестивальдері, шығармашылық кештер, конференциялар, жастардың флешмобтары, қайырымдылық акциялары.

2018 жылы жастар қанатының мүшелері «Рухани жаңғыру» эгидасы астында «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысына біріктірілді. Өңірдегі «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жетекшісі Роксана Орынбасарова болып табылады.

 

Байланыстары: 8 700 335 90 34.