You are here

Жас депутаттар мен белсенділерге арналған семинар

04.07.2017, 16:39   191

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Петропавл қаласындағы облыстық маслихатта «Жас депутаттардың рөлі мен перспективалары» тақырыбында семинар өткізіліп, оған облыс орталығындағы жастар ұйымдарының көшбасшылары, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысты.

Өз ісінің білікті мамандары жұмыстағы тәжірибелерімен бөлісіп, бірқатар мәселелер бойынша ұсыныстарын айтты. География ғылымдарының кандидаты, «география және экология» кафедрасының доценті - Сергей Пашков «Шекаралас әріптестіктің дамуындағы жастардың рөлі: рухани жаңғыру және мәдениеттердің ашықтығы» тақырыбында баяндама жасады. Сондай ақ, шекаралас әріптестіктің перспективалары туралы Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жастар қанатының өкілі Сағыныш Бектемирова айтып берді.

Жыл сайын Ресей делегациялары Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келіп тұрады. Тығыз достық қарым-қатынастар тек мемлекетаралық деңгейде ғана емес шекаралас аудандар арасында да бар. Түмен обысы үкіметі мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің арасында әріптестік туралы келісімге қол қойылып, оның аясында гуманитарлық және экономикалық салаларда бағдарламалар мен шаралар жүзеге асырылады.

«Өткен жылы Түмен, Қорған және Омбы облыстарымен бірлесе отырып, бірқатар іс шаралар ұйымдастырылды. Бүгінде, сондай-ақ, шекаралас әріптестікті нығайту мақсатында Ресейлік аймақтар арасында шаралар жоспарланған. Шекаралас әріптестік өзінің бойына экономикалық, өнеркәсіптік дамудан басқа мәдениет интеграциясын алған және адамдарды ынтымақтастық пен бейбітсүйгіштік рухында тәрбиелейді. Жастарды осы мақсаттардың дамуына жұмылдыру ерекше маңызды. Өзара түсіністік, жақынына деген құрмет кез келген қарым-қатынастың дамуынын жолындағы ең бастысы» - деп СҚО ҚХА жастар қанатының белсендісі ой бөлісті.

«Хабар - 24» арнасының тілшісі – Дарья Пешкова семинарда БАҚ – мен қалай тиімді әрекет ету, сұхбат бергенде не айту және ақпаратты қалай дұрыс еру жайлы өз ойларын ортаға салды.

ҚР жаттықтырушыларының Ұлттық пуллының жаттықтырушысы, практикалық психолог – Ғалия Баязитова көшбасшы және командалық жұмыс – жас депутаттың өрімді жұмысының негізі деп есептейді. Спорт және жастар саясаты саласында жастар бастамаларын жүзеге асыру проблемалалары, аймақта спорттың жаңа түрлерін жарияландыру өзекті мәселелер болып табылады. Бұл жөнінде облыс маслихатының депутаты – Екатерина Старостина әріптестерімен әңгімелесті. Пікірталас алаңы өте мазмұнды және қызу болды. Семинар қорытындылары бойынша қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, келешекте өздері жұмыс істейтін айтылған мәселелер бойынша шешім қабылдады. Шара соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға сертификаттар табыс етті   

 

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» КММ

«Қоғамдық келісім» КММ –нің баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15