You are here

Тәжік мәдениеті фестивалі

12.09.2017, 16:48   208

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Өткен демалыста  Петропавл қаласының Достық үйінде тәжік мәдениеті фестивалі өтті.

Тәжікстан – ежелгі мәдениеті мен салт-дәстүрлері сақталған ел. Тәжіктердің мәдениеті өздігінен бірегей және ұлттық құндылықтарды молайтуды және сақтауды талап етеді. Тәжіктер өркениеттің рухани қазынасына елеулі үлес қосты, аса көрнекті және тамаша ғалымдарды, философтарды, әдебиетшілерді, ақындарды әлемге танытты, олардың еңбектері әлемдік өркениет жинаған ғылыми және мәдени қордың ажырамас бөлігіне айналды. 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында мемлекетті алдағы уақытта жан-жақты дамытудың негізі ретінде еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің ерекше рөлін баса айтады. Бүгін бірлігі жарасқан өңірімізде «Сомониён Север» тәжік мәдениеті орталығының 20 жылдығы аталып өтуде.  

Ұйым қызметінің мақсаты – тәжік этносының мәдениетін, тілін, тарихын сақтау және өркендету. Орталық қайырымдылық жұмыс жүргізеді, мұқтаж отбасыларға, ардагерлерге, зейнеткерлер мен мүгедектерге қол ұшын береді.

Тәжік орталығын Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов құттықтады. Фестивальді тәжік бірлестігінің төрағасы Анваршох Амирошоев ашты. Орталықтың мүшелері қонақтарға билер, ұлттық әдет-ғұрыптарды және әндерді ұсынды. Облыстық ассамблеяның басқа да бірлестіктері өз достарын құттықтауға келді.

Тәжік этносының мәдениетінде музыкалық өнер орасан рөл алады. Әндер мен билердің, көркем композициялардың, салт-дәстүрлер мен ғұрыптардың бірегейлігі мен ерекшелігі қайран қалдырады. Облыстық ассамблеяның тәжік орталығы, сондай-ақ армян, украин, татар орталықтары аспап өнерінің таланты мен шеберлігін паш етті.

130-дан астам этнос елімізде бейбітшілік пен келісімде және өзара түсіністікте тұрып жатыр. Қазақ, орыс, татар, тәжік, украин және басқа да тілдерде кітаптар басып шығарылып, телебағдарламалар түсірілуде. Бұл мәдениеттердің өзара кірігуін білдіреді. Бәрімізді, барлық этностарды бүгінгі таңда ортақ үйіміз – Қазақстан біріктіреді.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15