You are here

Тимирязев ауданы «Болашаққа парасыз! Бірге!» акциясына қорытынды жасады

30.11.2017, 14:25   163

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 28 қарашада Тимирязев ауданында айдың басында бастау алған

«Болашаққа парасыз! Бірге!» акциясына қорытынды жасалды. Мемлекеттік қызметшілер, білім, денсаулық сақтау, мәдениет қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар және басқалары сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумда бас қосты.

Форум басталар алдында аудандардың белсенді жастары ұсынған сыбайлас жемқорлыққа қарсы флешмоб ұйымдастырылды.

Форумды аудан әкімі Е.Б. Сағдиев ашты, ол қатысушыларға ауданда жүргізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру бойынша жұмыспен таныстырды. 

Іс-шараға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы Ғ.С. Тұрсынбаев, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы топтың мүшесі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро СҚО департаментінің инспекторы С.Н. Зайцева, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Н.К. Салимов қатысты.

«Кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділік жағдайын қалыптастыру және азаматтарды жедел қабылдау мақсатында а.ж. 16 наурызда «Болашаққа парасыз! Бірге!» ұранымен облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтар өз жұмысын бастады. Мұндай топтар облыстың барлық аудандарында құрылды» – атап өтті өз сөзінде  Ғалым Тұрсынбаев.

«Қазақстан халқы ассамблеясына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте маңызды рөл берілді. Этномәдени бірлестіктер мемлекеттік саясатты таратушы болып табылады. Облыстық ассамблея сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға жұртшылық әлеуетін тарту бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Облысымыздың барлық аудандарында 113 Қоғамдық келісім кеңесін құру жарқын үлгі болып табылады», - деді Н.К. Салимов.

Сонымен бірге іс-шарада ардагерлер, жастар өкілдері сөйледі. Олар форумға қатысушыларды кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікке шақырды.

Форумда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысқа белсене қатысқаны үшін жастар өкілдері, мемлекеттік қызметшілер алғыс хаттармен марапатталды.

Форум аудандық мәдениет үйі әртістері дайындаған концерттік нөмірлермен тәмамдалды. Форум соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың мүшелері азаматтарды қабылдады.

Ұқсас форум осы күні Шал ақын ауданында өтті.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15