«Татар аруы» облыстық конкурсы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктері өңірде қоғамдық келісімді сақтау мен нығайтуда маңызды рөл атқарады.

Өздерінің бірегей этностық мәдениетін насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткізеді, халыққа тұрмыс салтының ерекшеліктерін, дәстүрлер мен ғұрыптар және мерекелермен таныстырады.

2017 жылғы 26 қарашада «Дуслык» Солтүстік Қазақстан татар-башқұрт мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі 5-10 жастағы қыздар арасында «Татар аруы» облыстық конкурсын алғаш рет өткізді. Барлық қатысушылар сұлулығымен, талантымен, сахнада өз-өзін ұстауымен, шығармашылық және креативті өнерімен таң қалдырды. Қыздар алғаш рет қатысып отырғандықтан, олардың бәрі қобалжыды.

Конкурстың басты ерекшелігі қатысушылардың санының көп болуында – облыстағы Есіл және Мамлют аудандары, Петропавл және Көкшетау қалаларынан 19 қатысушы келді. Дегенмен, іс-шара қуанышты, үйлесімді және көңілді күйде өтті.

Конкустық бағдарлама төрт кезеңді қамтыды: «Өз-өзін таныстыру», «Шығармашылық кезең», «Аспаздық жарыс», «Сұлу татар қызы», конкурс барысында қыздар өз қабілеттерін аша түсіп, шығармашылық өнерлерін танытты.

Бірінші кезеңде қыздар өздері жайында бірнеше тілде айтып берді, олардың оқуын, ермегін, спортпен шұғылдануын, отбасы мен достарын сипаттайтын әдемі презентация ұсынды.

Шығармашылық кезең жарқын да қызықты өтті, оның аясында конкурсқа қатысушылар өздерінің әртістік өнерлерін паш етті: орыс, қазақ, татар тілдерінде әндер шырқады, би биледі, көркем және акробат нөмірлерін көрсетіп, өлеңдер оқыды.

«Аспаздар жарысы» шынымен қызу өтті, балғын қыздар тағам рецептерін білумен қатар, тәтті де дәмді тамақ әзірлейтіндерін көрсетті.

«Сұлу татар қызы» кезеңінде қыздар дефилеге қатысты. Жасына қарамастан олар кәсіби модельер секілді көрермендер мен қазылар алқасы мүшелеріне күлімсіреп тамаша жүрді.

Аталған конкурс салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды, татар этносының мәдениетін, тілін, тарихын, ұлттық тағамдарын дамыту және сақтау мақсатында ұйымдастырылды. Сонымен қатар іс-шара қыздарға құрмет көрсетуге, «қыз-бойжеткен-ана» кейпін қалыптастыруға, нәзік жандының сыртқы сұлулығы жан дүниесі сұлулығына сәйкес келетін лайықты кейпін насихаттауға бағытталды. 

Іс-шара соңында қазылар алқасы мынадай қорытынды жасады. «Вице-мисс Татарочка-2017» атағын Петропавл қаласынан екі қатысушы иеленді, олар Матушкевич Венера және Көкшетау қаласынан Усманова Суфия. Ал «Мисс Татарочка 2017» атағына Петропавл қаласынан Искиндирова София лайық деп танылды.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.