Тарихтан тағылым – өткенге тағзым

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Петропавл қаласының Достық үйінде кәрістердің Қазақстанға жер аударылғанына 80 жыл толуына орай  өңірлік ғылыми-тәжірибелік  конференция өтті.

Кәрістерді жер аудару 1937 жылдың қыркүйегінде басталды. Сталин мен Молотов қол қойған «Қиыр Шығыс өлкесінің шекаралас аудандарынан кәріс халқын көшіру туралы» Совнарком және ЦК ВКП(б) бірлескен № 1428—326 қаулысы негізінде 172 мың кәріс Қиыр Шығыс өлкесінің шекаралас аудандарынан жаңа тұрғылықты орынға Орта Азияға көшірілді.

1983 жылғы деректер мен халық сынағы бойынша КСРО аумағындағы кәрістердің көбі (350 мың адам) Өзбекстанда өмір сүрді. КСРО ыдырағаннан кейін Ресей мен Қазақстанға қарағанда Өзбекстанда күштеп көшірілген халықтар туралы акті қабылданбады. Өзбекстанда тұрып жатқан кәрістердің көбі тұрғылықты емес халық өкілдері секілді Өзбекстаннан басқа мемлекеттерге, ең алдымен Ресейге және Қазақстанға қоныс аударды. 

Бүгінгі таңда Қазақстанда кәріс диаспорасы өкілдерінің бесінші ұрпағы өсіп келеді, қазақ жері олардың  нағыз Отанына айналды. 

Кеңес уақытынан бастап республикамызда 100 мың кәріс тұрақты тұрып жатыр. 1990 жылдары қиын-қыстау кезеңде көптеген диаспоралар елден кетуге бел буды, ал кәрістердің көбі қалып, жас тәуелсіз мемлекет құруды жалғастырды. Бүгін біз сол ортақ еңбектің жемісін көріп отырмыз.  

Кәріс диаспорасы Қазақстандағы көп ұлтты халықтың ажырамас бөлігі болып табылады және еліміздің дамуына өз үлесін қосуда. Біздің аталастарымыз барлық салаға араласады және кез келген жерде табысқа жетуде. Біздің әкелеріміз бен аталарымыз кәріс халқының еңбекқор, иманды және өз еліне сенімді бейнесін құра бастады.

СҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов Қазақстанда тұрып жатқан халықтар арасындағы біріктіретін түйін ретіндегі Ассамблея рөлінің маңыздылығын атап өтті.

Конференцияға ЖОО-ның студенттері қатысты, оларға  м. қозыбаев ат. сқму «қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, доцент, тарих ғылымдарының кандидаты Нұрболат Әскерұлы Әбуовтың баяндамасы қызықты болды. Ол Қазақстанға жер аударылған кәрістердің тарихынан үзінділер айтты.

Әр тарих -  ол ең алдымен оның батырлары. Барлық қиыншылықты бастан кешірген және өз ұрпақтарына естеліктерді жеткізген  адамдар. СҚО ҚХА ҒСТ басшысы, М. Қозыбаев ат. СҚМУ заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Мұсабаева Гүлбақша Нұрмұқанқызы өзі кездестірген жер аударылған кәрістердің тарихына тоқталды.

СҚО Кардиология орталығының дәрігері, рентген-хирургі Тё  Дмитрий Валерьевич өз тәжірибесімен және бүгінгі күндегі Қазақстан мен Корей елінің арасындағы ынтымақтастықтың ерекшеліктері жайында бөлісті.

Баяндамалардан кейін конференция қатысушыларына сертификаттар табысталды.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.