You are here

Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпорындарда Қоғамдық келісім кеңестерін құру бойынша жұмыс жалғасуда

10.08.2017, 17:20   369

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қоғамдық келісім кеңестерін құру – бұл Петропавл қаласындағы ірі кәсіпорындар мен зауыттардың дана және көреген басшылары қабылдайтын өзекті де уақтылы шешім.

Бүгінде Қоғамдық келісім кеңестері үш кәсіпорында ашылды. Олардың қызметінің негізгі мақсаты еңбек және өндірістік-тұрмыстық шиеленістердің алдын алу, кәсіпорынды жаңғырту, қолайлы еңбек жағдайларын жасау, қызметкерлерді әлеуметтік қорғау, сондай-ақ өңірді дамытудың өзекті мәселелерін шешуге жәрдемдесу болып табылады. Сөйтіп, барлық қызметкерлер басшыға тура жүгіне отыра, қызықтыратын сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдіре алады. Сонымен бірге ҚКК отырыстар мен кездесулерде талқылау арқылы даулы әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерді шешуге көмектеседі.

9 тамызда ақпараттық-түсіндіру кездесу Петропавл қаласындағы ірі кәсіпорын «Радуга» ЖШС-да ұйымдастырылды, ол үш бағытта тауарлар өндірумен және логистикамен айналысады: азық-түлік, тұрмыстық химия, тазалауға арналған құралдар. Бүгінгі таңда жұмыс орындарының саны 500-ге жуық болып есептеледі. Сондықтан Қоғамдық келісім кеңесі сияқты құрылымды құру кәсіпорынды одан әрі дамыту, тауарлар мен қызметтер нарығында бәсекеге қабілетті ұстанымын нығайту үшін қажетті шарт болып табылады.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов өз сөзін ҚХА-ның жұмысына, оның құрылымдық бөлімшелеріне ақпараттық шолудан бастады, аталған қоғамдық институттың мақсаты мен міндеттерін белгіледі. Сонымен қатар ол «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жайында айтып өтті, бағдарлама аясында іске асырылатын негізгі жобаларды түсіндіріп, қызметкерлер ұжымын оларға қатысуға шақырды.

«Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ірі кәсіпорындарда Қоғамдық келісім кеңестерін құру туралы міндет алдымызға қойылды. Бұл даулар мен шиеленістерден құтылып, жемісті жұмыс жағдайын құруға көмектеседі», - деп түсіндірді Солтүстік Қазақстан  облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов.

Сонымен бірге Наиль Камильевич ҚКК-ның мемлекеттік мекемелердегі және кәсіпорындардағы жұмысының оңтайлы үлгілерін келтірді. Шынымен, мұндай құрылым қазіргі уақытта қоғамдық жаңғырту жағдайында аса маңызды және тиімді. Айта кетсек, 2017 жылғы бірінші жарты жылдықта, соның ішінде медиация рәсімдерін қолданумен азаматтардың 500-ге жуық өтініштері шешілді.

Кездесу белсенді диалог тәртібінде қызу өтті. Кәсіпорынның қызметкерлері сұрақтар қойып, көзқарастарымен бөлісті, қала көшелерінде, сондай-ақ тұрмыста тап болатын әлеуметтік мәселелер жайында айтты.

Ақпараттық-түсіндіру кездесу аяқталғанда «Радуга» ЖШС кадр бөлімінің бастығы  Максим Борисович Большедворов хатшылық меңгерушісі Наиль Салимовке, сонымен қатар «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлеріне Қазақстан халқы ассамблеясының, Қоғамдық келісім кеңестерінің және ҚХА басқа да құрылымдық бөлімшелерінің қызметіндегі өзекті мәселелерді жете түсіндіріп, ақпарат бергені үшін алғыс білдірді. 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15