You are here

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің V отырысы

20.11.2017, 10:24   265

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қоғамдық келісім кеңесі азаматтық ұстанымда қазақстандық бірегейлікті, қоғамда қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлікті нығайту және дамыту мақсатында азаматтық қоғам институттарын, саяси және үкіметтік емес ұйымдарды, өзге бірлестіктерді шоғырландыруға ықпал ететін Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.

Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 113 Қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істейді: облыстық  Қазақстан халқы ассамблеясы, мемлекеттік мекемелер, Петропавл қ. ірі кәсіпорындары жанында. Негізгі мәселелер жұмысқа орналастыру, тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету, инфрақұрылым, жол-көлік қамтамасыз ету, міндетті медициналық сақтандыру, ауыз сумен қамтамасыз ету, аймақтарды абаттандыру, балалар және спорт алаңдарын орнату, пәтер, жер проблемалары және т.б. болып келеді.

2017 жылғы 16 қарашада облыстық  Қазақстан халқы ассамблеясының конференц залында этномәдени бірлестіктер төрағалары мен белсенділерінің, ҚКК, Петропавл қаласы қоғамдық кеңесінің мүшелері, қоғамдық ұйымдар, ардагерлер мен жастар бірлестіктері өкілдерінің және т.б. қатысуымен  Қоғамдық келісім кеңесінің V отырысы өтті.

Іс-шара басталар алдында модератор, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді белгіледі: «Қоғамдық келісім кеңесінің жұмыс тәжірибесі туралы», «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын талқылау», «Қоғамдық бақылау – мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру тәсілі ретінде», «2017 жылғы 07.12. Астана қаласында өтетін Қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық форумына дайындық туралы».

 Іс-шара барысында Қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі Бақытжан Сәмиева сөз сөйледі. Оның айтуынша, қазіргі уақытта қоғамдық кеңестердің де, Қоғамдық келісім кеңестерінің де қоғамдық бақылауды жүзеге асырудағы рөлі артуда. Бұл қоғамдағы жанжалдарды уақытында шешуге, қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік береді.

 «ҚХА-ның қоғамдық бақылауға араласатыны қуантады. Өңіріміздегі азаматтардың арасында наразылық туындамау үшін біз осы жұмысты жүргізуіміз қажет», - деп аяқтады өз сөзін  Бақытжан Мағжанқызы.

«Қызылжар су» ЖШС партиялық ұйымының төрағасы Бауыржан Тәжин кәсіпорындағы ҚКК-ның жұмыс тәжірибесі туралы баяндама оқыды. Өз сөзінде ол Кеңестің негізгі міндетін – ішкі жанжалдарды шешу, ұжымның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, достық өзара қарым-қатынасты нығайтуды айқындады.

«Қызылжар су» ЖШС кәсіпорнында Қоғамдық келісім кеңесі 2016 жылы Қазақстан халқы бірлігі күні қарсаңында құрылды. Сол уақыттан ол басшылықтың үмітін толық ақтады: ұжым ішінде қатынас түзелді, «Наставничество», «Аллея славы» жобалары, әр түрлі номинациялар бойынша «Лучший по профессии» конкурсы қайта бастау алды.

Қоғамдық келісім кеңесінің қызметі туралы соңғы сөз облыстық  Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ҚКК төрағасы Рашид Надировқа бұйырды:

«Бүгін қаладағы ірі кәсіпорындарда Қоғамдық келісім кеңестерін ашу оң жолға беталды. Қызметкерлер арасында жақсы пікірлер қалыптасуда, Кеңестердің көмегімен адамдар өздерін толғандырып жүрген мәселелерді шешу үшін басшылыққа тура жүгіне алады. Сөйтіп, Кеңестер қоғамдағы шиеленісті төмендету міндетін атқарады».

Соңында «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы талқыланды. Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Полищук Раиса Ивановна өз пікірін білдірді: «Мен «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы» ҚР Заңын қабылдаған кезде алдағы сапта тұрдым, себебі ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болғанмын. Қазір өзгерістер дәуірінде аталған заңға түзетулер енгізу қажеттілігі туындады. Ұсыныстар енгізу үшін облыстық  Қазақстан халқы ассамблеясы жанында жұмыс тобын құрып, Заңның барлық ережелерін зерттеу, сондай-ақ ҚР Заңы жобасына ұсыныстарды қарау бойынша жұмыс жұмыс жүргізу қажет»

Сөйтіп, отырыс аясында өзекті мәселелер талқыланды, оларды түсіндіру Қоғамдық келісім кеңесінің басқа мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-әрекеті арқылы белсенді жұмысты жалғастыруға септігін тигізбек.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15