You are here

СҚО ЖАЗҒЫ КУБОГІНЕ ПІКІРТАЛАС САЙЫСЫ

31.08.2017, 10:18   231

Версия для печатиPDF versionEPUB version

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Президенттің бағдарламалық мақаласын қолдауда 26 тамызда М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Солтүстік Қазақстан облысының жазғы кубогіне облыстық пікірталас сайысы өтті. Турнирді ұйымдастырушылар –  СҚО «Қоғамдық келісім» КММ, Петропавл пікірталас қауымдастығы, Петропавл қ. жастар ресурстық орталығы.

Пікірталас қазақ және орыс лигаларында мынадай  бұрыштамалар бойынша өтті:

«Бұл палата рухани дамымаған елдің болашағы жоқ деп есептейді».

«Бұл палата эвтаназия заңдастырылған елдерде барлық адамдардың оған құқығы болу қажет деп ойлайды».

«Бұл палата этносаралық құрмет пен толеранттылықтың негіздері міндетті мектеп пәніне айналу қажет деп санайды».

Пікірталас сайысына қазақ лигасында: «Император», «Креатив» және «Ақиқат», орыс лигасында: «Нежданчик 2», «Tange» және «PYGMALION» қатысты.

Сайыстың бас төрешісі Петропавл қ. пікірталас қауымдастығы орыс лигасының үйлестірушісі Мағжан Тәжин болды.

Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаздар және қатысушылар командалары бағалы сыйлықтармен, кубоктермен, дипломдармен марапатталды. Аталмыш сайыс Қазақстан Конституциясы күніне орайластырылды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15