СҚО-да ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСТЕРІМЕН БІРЫҢҒАЙ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Біздің тұрақтылығымыз бен қоғамдық келісімнің негізгі  принциптері елдің Конституциясында көрсетілген, онда мемлекеттік өмірдің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу қажеттілігі көрсетілген. Қоғамдық келісім Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында құрылған ерекше кеңестік-мәжілістік орган болып табылады, ол барлық қоғамдық және мемлекеттік  институттар арасындағы, соның ішінде жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-әрекетті қамтамасыз ететін көпір ретінде орын алады.   

Кеңестің міндеті азаматтық институт күштерін шоғырландыру, қоғамдық келісім және ұлттық бірлік үрдісіне сан алуан әлеуметтік топтарды тарту болып табылады.

Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 129 қоғамдық келісім Кеңестері жұмыс істейді: облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында, аудан орталықтарында, ауылдық округтерде және Петропавл қаласының ірі кәсіпорындарында. Кеңес құрамына саяси партиялар, ардагерлер ұйымдары, қоғамдық ұйымдар көшбасшылары, ғылыми және шығармашылық зиялылар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестіктер, мемлекеттік орган өкілдері.     

Қабылдау барысында, облыстық қоғамдық келісім Кеңесінің мүшелері жүгінген азаматтарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, заңгерлік және кеңестік көмек көрсетті. Біздің қала мен облыс тұрғындары өңірдің өмір сапасын жақсартуға белсенді азаматтық ұстаным танытты. Келесі проблемалармен жүгінді: көшелерді, аулаларды абаттандыру, инфрақұрылымды жақсарту, ауыз сумен, пәтермен қамтамасыз ету және басқа сұрақтар.

Солтүстік Қазақстан облысында барлығы 39 өтініш тіркелді және 126 адам кеңес пен ұсыныстар алды.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.