You are here

«Шекарасыз ән» фестивалі

11.07.2017, 12:01   232

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Петропавл қаласының орталық алаңда «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде қаланың 265 жылдығына арналған «Песня без границ» халықаралық фестивалі өтті.

Қала тұрғындарын меретойлық күнімен құттықтау үшін эстрада жұлдыздары да қонаққа келді. Қала күніне арналған концерттік бағдарламаны ашқан халық әртісі Роза Рымбаева Петропавл қаласының тұрғындарын мерекемен құттықтап, сахнада ән шырқады. Сондай-ақ, қала тұрғындарына сүйікті «Самоцветы» тобы да өнерлерімен қуаныш сыйлады.

Мерекелік бағдарлама «Шекарасыз ән» фестивалімен жалғасты. Оны ұйымдастырушылар: Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Фестивальге Ресей Федерациясының Омбы, Түмен және Челябинск облыстарының шығармашылық ұжымдары, Солтүстік Қазақстан облысының әртістері қатысты. 

Фестивальді «Арай» би ансамблі ашты, содан кейін Түмен облысындағы Ишим қаласынан келген Фешкова Вероника ән салды. Вероника Қазақстанда туған, сондықтан да ол туған жерінде қазақ әндерін орындағанына өте қуанышты. Қазақ халқының сүйікті және кең тараған әндерін Түмен облысынан келген «Мерей» шығармашылық ансамблі орындады. Алыстағы Челябинск облысындағы Кызыл ауылынан жас әнші Айша Кенжеболатова келді. 

Көрермендердің концерттік бағдарламаға көңілдері толды. Ресейдің шекаралас қалаларынан және облысымыздың аудандарынан келген үздік ансамбльдер 20-дан астам нөмірлер: қазақ және орыс тілінде әндерді, билер мен күйлерді орындады. 

Іс-шараның соңында қатысушылар қала әкімінің дипломымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Міне, екі жыл бойы біз Қазақстан мен Ресей арасындағы достық қарым- қатынасты паш ететін «Песня без границ» дәстүрлі фестивалін өткізіп келеміз. Бірлік, келісім және өмір сүю рухын ұлттар арасында еш айырмашылығы жоқ біздің шекарасыз әндеріміз тәрбиелейді. Біз бәріміз бірдейміз және біз бәріміз біргеміз!

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15