You are here

Рождество күнінде!

27.12.2016, 16:49   343

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Рождество – Германиядағы ең әдемі де сүйікті мерекелердің бірі, сондықтан немістер оған алдын ала және тиянақты дайындалады. Рождествоға төрт күн қалғанда Адвент басталады. Шіркеуде алғашқы рождество алдындағы қызмет өтеді, оған балалар да қатысып, ән шырқайды, түрлі музыкалық аспаптарда ойнайды, рождество тақырыптарында спектакльдер көрсетеді. Бұл кеште адвент шырша шірінде немістер  төрт майшамның алғашқысын жағады.

Рождествоға шамамен үш апта қалғанда «Weihnachtsmarkt» рождестволық жәрмеңкесі басталады. Әдетте ол қаламыздың орталық алаңдарының бірінде ұйымдастырылады.

Рождество – бұл отбасылық мереке, сондықтан 25 желтоқсанда барлығы мерекелік ас үстінде бас қосады. Үй іші жайлылыққа, тыныштық пен таңғажайыпқа толады.

Петропавл қаласы достық үйінің мәжіліс залы да таңғажайыптарға толы болды. "Видергебурт" Солтүстік Қазақстан облыстық неміс этномәдени орталығы өз достарына мерекелік көңіл-күй сыйлады: сүйікті рождестволық әндер, орталықтағы ең кіші мүшелердің орындауындағы билер, сондай-ақ сахна төріндегі көріністерден тарихи оқиғалар. Іс-шара неміс тілінде өтті.

Этномәдени орталықтың төрайымы Эльвира Ковзель жиналған қауымды Рождество мерекесімен құттықтап, белсенділерді, сонымен бірге Алматы қаласында өткен  республикалық «Праздник к нам приходит» неміс халқының дәстүрлері мен ғұрыптарының конкурсына қатысушыларды құрмет грамоталарымен марапаттады.

Рождестволық кездесу Жаңа жыл қарсаңында барлық қатысушыларға жаңа мерекелік көңіл күй сыйлады. 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15