You are here

Польша Тәуелсіздігі күніне арналған пікірталас

20.11.2017, 19:16   173

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Польша Тәуелсіздігі ұлттық мерекесі – 1918 жылы Поляк патшалығы тәуелсіздік алғанына орай 11 қарашада атап өтілетін мемлекеттік мереке. Басқа мемлекеттер секілді Польшаның  тәуелсіздік алу жолы ұзақ та ауыр болды. Басқа мемлекеттер құрамында болған, соғыс, көтеріліс, өкімет ауысуын басынан кешкен поляк халқы өз салт-дәстүрлері мен ғұрыптарын, этнос мәдениетін, бірегей тілі мен тарихын сақтап қалды.  

«Коперник» облыстық поляк мәдени орталығы поляк этносының мәдениетін насихаттау, жастар бойында үлкендерді құрметтеу, өз халқына және туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімін тудыру бойынша жүйелі де нысаналы жұмыс жүргізеді.

Поляк мәдени орталығы өткізетін дәстүрлі іс-шаралардың бірі Польша Республикасының Тәуелсіздігі күнін мерекелеу болып табылады. 2017 жылы ол поляк тілін үйреніп жүрген «Коперник» ОПМО мүшелеріне, католик шіркеуі өкілдеріне, курсанттарға, студенттерге 18 қарашада өткізілді.

Іс-шара «Коперник» Солтүстік Қазақстан облыстық поляк мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Анатолий Крашевскийдің алғы сөзімен басталды. Ол барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, денсаулық, амандық, бейбітшілік, отбасылық бақыт тіледі.

Іс-шара барысында поляк тілі мұғалімі А. Wirtel ұсынылған «Герои Польши» көрмесі жайында айтты.

№ 17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің поляк бөлімшесі педагогі

Марина Тябус концерттік бағдарлама ұйымдастырды, оның барысында билер, хореографилық дайындамалар, әндер, өлеңдер, шағын көріністер ұсынылды, сондай-ақ  «Непобежденные» деректі анимациялық фильмі көрсетілді.

Іс-шараның екінші бөлігінде «Без влияния костела Польша бы не получила Независимость» тақырыбында «оксфорд пікірталасы» болды, оның арқасында қатысушылар жарқын тарихы оқиғаларды еске алды, патриотизм рухы, өз ата-балаларына деген шексіз махаббат сезімдерін оятты.

Іс-шара соңында барлық қатысушыларға фотосессия және поляк ұлттық тағамдары ұйымдастырылды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15