You are here

Петропавлдағы «Үлкен ел – үлкен отбасы» қорытынды форумы

21.12.2016, 12:54   313

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының  «Үлкен ел – үлкен отбасы» форумы болып, онда осы жылдың қорытындысы жасалды.

Форумның негізгі мақсаты – мемлекеттілікті, халық бірлігін одан әрі нығайту және барлық қазақстандықтарды шоғырландыру.

25 жыл бұрын тәуелсіздік алған Қазақстан халқы дамудың жаңа жолына бет бұрды. 1991 жылғы 16 желтоқсанда тарихи «ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң қабылданды. Еліміздің Тұңғыш Президенті   Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында Қазақстан алғаш рет әлемдік қоғамдастық мойындаған, заңды түрде ресімделген егемен ел мәртебесіне ие болды.   

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан «2030-Стратегиясын» мерзімінен бұрын іске асырып, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кірді, Бес институциялық реформа мен Ұлт жоспарын жүзеге асыруды бастады. 

Іс-шара «Алуа» халық би ансамблі билеген қызу ырғақты, көпшілік белсене қолдаған флеш – мобпен басталды.

Форум барысындағы айрықша оқиға – реттік саны мерейтоймен сәйкес келген, осындағы 25-ші этномәдени орталық - «Арго» грузин этномәдени орталығын ашу болды. Оның  төрағасы Омарий Харбедия болды. Грузин билері мен әндері Достық үйінің акт залын думанға толтырды. Ал Астана қаласынан келген "Багратион" дуэті ұлттық әндерді жанымен беріле шырқап, көрерменнің жүрегіне жол тапты.

Ұзақ ғасырлар бойы қалыптасқан грузин дәстүрлері ерекше. Олар мұқият сақталып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіледі. Грузиндердің ең көп тараған кәсіптерінің бірі - шарап жасау, ал дәстүрлерінің арасында қонақжайлылық, мерекелік отырыс және үйлену  тойы салттарын атауға болады. 

«Ассамблеяда жаңа грузин этномәдени орталығының ашылғаны қатты қуантады. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мерейтойлық 25-орталық болғаны да ерекше сезімге бөлейді», - деп айтып кетті өз сөзінде Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов. - Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жыл бойы көп жұмыс жүргізді және біз бүгін ҚХА облыстық және республикалық конкурстарының жеңімпаздарын шақырдық:

  • «Мың бала» республикалық мәдени -ағартушылық жобасы;
  • Этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» республикалық шығармашылық конкурсы;
  • Н.Ә. Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің  қазақстандық үлгісіне арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсы;
  • «Солтүстік Қазақстан облысындағы меценаттық» үздік презентация конкурсы.

Аталған конкурстардағы үздік жұмыстардың авторлары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ СҚО ҚХА белсенділері, этномәдени орталықтардың төрағалары, қоғамдық қайраткерлер, мектеп директорлары және жыл бойы бірлік пен келісімді нығайтуға көмек және жәрдем берген адамдардың барлығы құр қол кетпеді. 

Форум жарқын концерттік бағдарламамен, жастардың билерімен және патриоттық әндермен тәмамдалды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15