You are here

Петропавлдағы «Қымыз Fest»

27.06.2017, 10:06   122

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Жылқыны қолға үйрету адамзат үшін нағыз серпіліс болды. Бұл өрлеуге, дамуға үлкен түрткі болды. Жаяу жүрген адамдар атқа мінгенде, тарихтың жүрісі жылдамдады. Адамдардың мекендеу уақыты мен кеңістігі қысқара бастады. Ал бір-бірімен тығыз байланысқа түскен адамдар жаңа өркениетке, жаңа әлемге жол бастады. 

Шамамен 6 мың жыл бұрын біздің ата-бабаларымыз жылқы өсірген. Біз бұл тарихи фактімен мақтанғанымыз жөн, себебі облысымыз әлемдегі жылқы шаруашылығының озық орталығы болып табылады. Қазақтардың мәдениеті қандай біртума және ерекше десеңші! Алуан түрлі салт-дәстүрлер, қызықты әдет-ғұрыптар мен ойындар, ұлттық тағамдар және тұрмыс-тіршілік   ғасырлар бойғы тарихты сақтайды.   

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында Мемлекет басшысы ұсынған «Туған жер» бағдарламасының «Рухани қазына» мақсаттарын іске асыру аясында Петропавлда  «ҚымызFest» қазақ мәдениеті фестивалі өтті, ол аса қызықты болып, байырғы қазақ өмірінің тұрмысын танытты.

Фестивальді ұйымдастырушылар – «Қызылжар жастары» жастар қоғамдық бірлестігі, кәсіпкерлік және туризм басқармасы, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы және серіктестер.

Фестиваль бірнеше бағытта өтті. Аттар карнавалы – бұл парадта көрермендер облысымыздың түкпір-түкпірінен келген тамаша тұлпарларды көре алды. Аспаздық байқауда Петропавлдағы үздік мейрамханалар құзыретті және қатал қазылар алқасының алдына қазақша ет әзірлеу өнерлерін паш етті, сондай-ақ қонақтар хош иісті және дәмді қымыздан дәм татып, өз отбасылары мен достарына ала кетті.    

Парадты «Северный ветер» мотоклубының байкерлері ашты.  Байкерлер үшін мотоцикл тұрмыс қалпының бір бөлігі болып табылады, оларды көрнекі түрде темір тұлпар мінген көше жауынгерлері деп те атауға болады.  Олардан кейін Петропавлдағы «Құлагер» хоккей клубының жас жігіттері шеруге шықты. Клуб  құрылған алғашқы жылы-ақ Көкшетау қаласының беделді Жеңіс кубогін иеленіп, шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасы ашық чемпионатының қола жүлдегерлері атанды. Бұл клубтың аты үшін қазіргі Айыртау ауданындағы Ақан сері ауылының тумасы, ақын және әнші Ақан Серінің әйгілі тұлпарының аты алынған. Жүйріктігі жағынан Құлагерге ешкім тең келмейтін, ол әрдайым бірінші келетін.

Сонымен бірге Қазақстанда бірнеше жыл бұрын жаңа Vino4ever велокомандасы ресми түрде тіркеліп, құрылды, ол олимпиада чемпионы, жерлесіміз  Александр Винокуровтың құрметіне аталған, команда мүшелері мұндай іс-шарадан қалыс қалмағанды жөн көрді.

Vino4ever командасы AstanaProTeam и ContinentalAstana кейін ресми түрде әрекет ететін үшінші және Қазақстан тарихындағы бесінші велокомандаға айналды.  Команданың құрамында бүгінгі күні ұлттық құрама командасында жарыстарға қатысатын велошабандоздар жаттығуда. Оған Александр Винокуровтың бұрынғы жаттықтырушысы Сергей Кручина жетекшілік етеді. Vino4ever командасы облыстағы аттас клубтың негізінде құрылды, онда да жас жігіттер жаттығуда.

Бұлардан соң айбынды атты полиция шықты. Кей адамдардың мұндай бөлімшенің бар екендігі жайында хабары жоқ. Олар қызметтерін қайда өткеруде және неліктен біз оларды көрмейміз? Себебі олар саяжай алабын, бақтарды, орман алабын, демалыс орындарын және көліктер мен мотоциклдерді қолдану қиынға түсетін немесе мүлдем қолдануға келмейтін басқа да жерлерді күзетеді. Жылқыларды жол таңдамайтын көлік деп  те атауға болады.   

Іс-шара Солтүстік Қазақстан облысы аудандарынан келген өкілдердің шеруімен тәмамдалды, әрқайсысы өз тұлпарымен келген, олардың біразы сирек тұқымды. «Черемош» атты сұр айғыр Қызылжар ауданынан келген. «Летние российские породы» сыйлығының жеңімпазы, Украинадағы «Дерби» сыйлығына қатысушы. РФ бірнеше дүркін жүлдегері. Шабандоз - Ольга Потошкина, ат спорты түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры. Конкур және жылқы үйрету бойынша 3-санатты төреші. Облыстың аға жаттықтырушысы.

Карнавалдан соң қазылар алқасының мүшелері қорытынды шығарып, үздіктерді анықтады. Жергілікті шеберлердің қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі және қымыздан дәм тату басталды. Әдемі қазақ киімдерін киген қатысушылар ән шырқап, ерлер домбыра тартты, ал қыздар қонақтарға қымыз құйды. Қазылар алқасының мүшелері мен қонақтар нағыз қазақ сусынының дәмін татты.   

«Әр аудан осы сусынды өз әдісі бойынша дайындайды. Үздігін анықтау оңайға түскен жоқ» - деді қазылар алқасы мүшелерінің бірі, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов.

Қорытынды жасалғанша көрермендер Погодин атындағы театрдың алаңындағы концертті тамашалап, «сақа» ұлттық ойынын ойнады.  Облыстың дарынды орындаушылары қонақтарға ана тілінде әндер мен өлеңдер, ұлттық билер ұсынды.

Қазылар алқасы ең тамаша көрініс Айыртау ауданында болды деп шешті, олар бірінші орынға ие болды. Екінші орын Тимирязев ауданының командасына берілді, ал үшінші орын Қызылжар ауданына бұйырды. Ең дәмді қымыз Жамбыл ауданында дайындалды, олар бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Тимирязев ауданы, ал үшінші орынды Айыртау ауданы алды. Жеңімпаз командалар тұрмыстық техникаға сертификат түрінде бағалы сыйлықтар алды.  

«ҚымызFest» фестивалі де өз мәресіне жетті. Мұндай фестивальді өткізу солтүстік өңірде дәстүрге айналатынына сенімдіміз, біз ата-бабамыздан қалған мұрамыз – мәдениетті, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды өркендетіп, сақтап және ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуіміз керек. Патриотизм дегеніміз де –  осы!

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15