You are here

Петропавл қаласының кәсіпорны жанында Қоғамдық келісім Кеңесі ашылды

08.08.2017, 14:08   279

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Солтүстік Қазақстан облысында 85 қоғамдық келісім Кеңесі қызмет етеді. Қоғамдық келісім Кеңесінің негізгі мақсаты ұлтаралық келісімді және қоғамда мемлекеттік органдары мен азаматтық қоғам институтының тиімді қарым-қатынасын қамтамасыз ету арқылы толерантты нығайту, сонда-ақ, қоғамдық бастамаларды қолдау және дамыту.

Кеңес құрамына қоғамдық пікірлердің көшбасшылары, қалалық және аудандық Кеңестердің төрағалары, этномәдени бірлестіктердің, жастардың, ардагерлер ұйымдарының, мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.

Қазіргі уақытта, облыстағы ірі кәсіпорындарында қоғамдық келісім Кеңесін құру бойынша жоспарланған, түсіндіру жұмысы өткізіліп жатыр, оның ішінде кездесулер, көшпелі жиындар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады, ақпараттық-насихаттау тобы жұмыс істейді. Сондай-ақ, тамыз айының 4-і «Петропавловск Кондитер» ЖШС-де қоғамдық келісім Кеңесі жұмысын бастады. «Петропавловск Кондитер» өнімін тек Қазақстанның тәтті сүйгіштері ғана емес, Ресей, Қытай және Монғолияда да біледі. Кәсіпорын бір тәулік ішінде 2,5 мың тонна көлеміне жуық 150-ден астам өнім атауын шығарады. «Петропавловск Кондитер» басшылары тек өндіруді жаңғыртуға ғана емес, корпоративтік рух пен еңбек қарым-қатынасын нығайтуға да зор назар бөледі, сондай-ақ, қоғамдық келісім Кеңесін құру бастамасы болды. Кондитерлік фабриканың ұжымдарымен кездесуге Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблея хатшылығының меңгерушісі – Наиль Салимов, облыстық қоғамдық келісім Кеңесінің төрағасы - Рашид Надиров және еврей этномәдени бірлестігінің төрағасы Рашбиль Евдаев келді. «Қызылжар Су» ЖШС кәсіпорнында облыстағы бірінші қоғамдық келісім Кеңесінің жұмыс тәжірибесімен Фанис Литфуллин бөлісті. Ұжыммен әнгімелескен соң, басшылар фабрика қонақтарына экскурсия өткізді, олар цехтердің бірінде өнімді қалай жасайтын процессті көре алды.

2017 жылы аға сарапшылармен қоғамдық келісім Кеңестер қызметінің моделі әзірленді. Модельге сәйкес облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының және ҚХА кафедрасының ғылыми сараптама жасау тобының өкілдері  қоғамдық келісім Кеңес қызметінің ғылыми-аналитикалық зерттеу жұмысын жүргізеді және оларға әдістемелік сүйемелдеу жасайды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15