Петропавл қаласы Гуманитарлық-техникалық колледжінің 87 жылдығы атап өтілді

Версия для печатиPDF versionEPUB version

«Білім – сапасы жоғары болса, ең маңызды жер игілігі. Керісінше жағдайда оның пайдасы жоқ» (Р. Киплинг).

Дәл осындай ұранмен Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжі өз есігін ашты. Жетекші орта арнайы оқу орындарының бірі бола тұра, аталған колледж жыл сайын теориялық біліммен қоса, практикалық тәжірибесі бар жүздеген білікті қызметкерлерді шығарады. 

Бүгінде колледж мықты материалдық-техникалық базаға ие. Оның құрылымына 6 корпус, 58 оқу кабинеті және лабораториялар, 3 шеберхана, технопарк, 14 компьютер сыныбы, ақпараттық-баспа орталығы, жаңа құрал-жабдығы бар типография, 90 мыңнан астам данамен кітап қоры, спорттық сауықтыру кешені енеді.

2017 жылғы 17 қарашада Гуманитарлық-техникалық колледж 87 жылдығын атап өтті. Ұзақ жылдар бойы колледж ұжымы дәстүрлі түрде әр Туған күнін атап өтуде. Бұл ұжымдағы достық қатынасты нығайтуға, бірыңғай рухани құндылықтар негізінде оқытушылар құрамының бірігуіне септігін тигізеді. 

Салтанатты бөлімнің алдында директор Мерк Александр Андреевич экскурсия өткізді, ол 30 жуық жыл колледждің тұрақты көшбасшысы болып келеді. Ол көп студенттерді тәрбиеледі, олар қазіргі уақытта өз ісінің хас шеберлері танылды, өңірдің дамуына елеулі үлес қоса отыра, мамандықтары бойынша еңбек етуде.

Мереке қонақтарына білім беру мекемесінің ғылыми жетістіктер және спорттық марапаттар, колледж оқытушылары басып шығарған әдістемелік құралдар және  басқа ғылыми әдебиет, ғылыми-техникалық әзірлеме және т.б. көрмелері ұсынылды. Сонымен бірге Қазақ хандығының 550 жылдығына, әйгілі неміс жазушысы, ғалым Герольд Бельгерге, Ұлы Отан соғысы ардагері, «еңбек адамы» Степан Башкировқа арналған, Бейбітшілік пен келісім мұражайлары көрсетілді.  

Барлық кабинеттердің шығармашылық ресімделуі және оның әсемдігі өзінің бірегейлігімен таң қалдырды. Ерекше көңіл бөлінетін, колледжде жасалатын істерге деген махаббат пен ықыласты қатынас сезіледі.

Ең салтанатты сәт тарихын, негізгі жұмыс бағытын, жетістіктерін баяндайтын Гуманитарлық-техникалық колледж перезентациясы болды. Презентациядан кейін колледжбен тығыз ынтымақтастық жасайтын әлеуметтік серіктестерді, жұмыс берушілерді марапаттау рәсімі өтті. Оған студенттердің тәжірибесіне және болашақ жұмысына орындар ұсынатын зауыттар мен корпорациялар, фирмалар мен компаниялар жатады.  

Колледжді туған күнімен Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Салимов Наиль Камильевич құттықтады.

«Бүгін колледж еңбек жолында біздің одақтасымыз болып келеді. Біз бұрыннан қызмет етеміз. Себебі біздің мақсатымыз ортақ – жоғары білімді, нақты өмірлік ұстанымы, белсенді азаматтық қызметі бар жас ұрпақты қалыптастыру. Біз оларды қазақстандық патриотизм, азаматтық бірегейлік, қоғамдық сананы жаңғырту рухында тәрбиелеуіміз керек», - деді Наиль Салимов.

Сонымен бірге Гуманитарлық-техникалық колледждің жанында алғаш рет Бейбітшілік пен келісім орталығы құрылғанын атап өтті. Осындай тәжірибенің арқасында өңірде басқа да ұқсас орталықтар құрылды.

Колледж директоры Мерк Александр Андреевич  белсенді ынтымақтастық үшін Наиль Камильевич Салимовты «Гуманитарлық-техникалық колледжінің үздік қызметкері» орденімен марапаттады. Ал  облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы өз кезегінде колледждің кітап қорына кітаптар мен оқу құралдарын табыстады.

Іс-шара Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжі шығармашылық ұжымдары мен әртістерінің орындауындағы мерекелік концертпен аяқталды.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.