You are here

Отбасыңның жолы ұзақ болсын...

08.12.2016, 16:56   437

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Тәуелсіздіктің 25 тұғырына арналған « 25 жұлдызды күн» акциясы аясында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясында казак мәдениетінің «День казачки»  фестивалі өтті.

Фестиваль екінші рет өткізілуде және 2016 жылғы мерейтой күндер: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Солтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығына, «Братство сибирских казаков» ҚБ 6 жылдығына арналды.

Фестивалге казактар отбасылары, олардың балалары, ардагерлер, қаланың тұрғындары мен қонақтар шақырылды. Жиналған қауымға қолданбалы-сәндік өнер көрмесі мерекелік көңіл-күй сыйлады, онда айқаршықпен, тығыз кестемен, лентамен кестеленген кестелер (авторы  Надежда Рудикова), тоқылған бұйымдар, (авторлары Н. Яровая, А. Мотур, В. Берендеева), құрақ тігіс техникасымен дайындалған жейде мен юбкалар, қолдан жасалған бұйымдар ұсынылды.  

Құттықтау сөзін СҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі Наиль Камильевич Салимов бастады. Ол жиналған қауымды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, фестиваль «25 жұлдызды күнде» «Отбасылық құндылықтарға арналған» күнге орай өтіп жатқанын айтты.   

Ол достық пен ұлтаралық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін  облыс әкімі Ерік Сұлтановтың атынан «Братство сибирских казаков» ҚБ төрағасы Виктор Александрович Тарановқа Құрмет грамотасын табыстады. 

Өз кезегінде облыстық атаман Виктор Александрович Таранов мерейтой күндердің және «День казачки!» казак мәдениеті фестивалінің маңыздылығын тағы мәрте атай отырып, барлығына бақыт, отбасы амандығын, махаббат тіледі. 

Қарттар кеңесінің төрағасы Геннадий Иванович Вебер әйелдерді мерекемен құттықтап, казактарды өз жұбайлары мен балаларын сүюге, үй ішін қорғауға шақырды, ал қарттары болса, казактардың дәстүрлері мен ғұрыптарын сақтауға қолғабыс бермек. 

Сондай-ақ казак әйелдері күнімен және отбасы күнімен құттықтауға «Русская община Казахстана» СҚФ төрағасы Николай Алексеевич Авдеев және ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі Тамара Юрьевна Родная келді. Олар ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, отбасы және отбасылық құндылықтар   өмірдегі басты байлық екендігін білдірді.    

Казак мәдениеті фестивалі екі сағатқа созылды. Концертке қала тұрғындарына танымал ұжымдар мен орындаушылар қатысты.  Көрермендер орыс халық аспаптары оркестрінің өнеріне (көркемдік жетекшісі С.П. Зелепухин), «Звонница-Наследие» үлгілі-көрнекі вокалдық-хореографиялық казак ансамблінің жалынды әндері мен билеріне  (көркемдік жетекші В.М. Ивашкин, хореограф Т.С. Утежанова), «Звонница» халық хорының лирикалық әндеріне (көркемдік жетекші  В.И. Подолян, концертмейстер С.Ф.Снурницын) тәнті болды.   

Фестивальде Сергей Сметанкин,  Антон Гуторов, Оксана Косинова өз өнерлерімен сүйсіндірді.   Геннадий Иванович Вебер чечетканы тамаша билеп шықты, ал ол болса, 77 жаста. Капиталина Федоровна Левлюх сырнай аспабында ойнап, частушканы көңілді де жалынды орындады, желтоқсан ортасында ол 70 жасқа толады. 

Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының әртісі Анатолий  Владимирович Наргеленас өз өнерімен көрермен қауымға шаттық сыйлады. Ол  Галина Шергованың  әйгілі «Девочка из школы возвращалась» өлеңін оқыды.  Надежда Филипповна Рудикова  И.Шуховтың «Люблю и помню» поэмасынан үзінді сыйлады. Арно Бабаджанянның  «Ноктюрн» туындысын Артем Кислощей орындап берді. 

Бұл күні көп өлеңдер мен әндер – анаға, әйелге және қарындасқа арналды.

В.Толкунованың орындауындағы белгілі ән «Поговори со мною, мама!» әніне биленген би жүрекке жылы тиді (көркемдік жетекші Алина  Ушакова).

И.П. Шухов «...яркой искоркой   простосердечной радости..,» деп айтқандай,  Ирина  Лапина «Пел соловушка там вдали» орыс халық әнін орындады, ол өзінің кәсіби дауысымен көрермен көңілін жаулап алды.

Іс-шара жиналғандар «Звонница» хорымен бірге шырқаған «Люблю тебя, Родина!» әнімен тәмамдалды.  

Галина Кузьмина

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15