You are here

Көшбасшы және Тәуелсіздік

24.11.2017, 17:57   362

Версия для печатиPDF versionEPUB version

23 қарашада Петропавл қаласының Достық үйінде Қазақстан Республикасының Президенті күніне арналған «Көшбасшы және Тәуелсіздік» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға СҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен белсенділері, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғалымдары мен оқытушылары, қоғам қайраткерлері, жастар қанатының өкілдері қатысты. 

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Қазақстан халқының тарихындағы бірегей тұлға, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың рөлі, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу және даму жылдары, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының және этномәдени бірлестіктердің жұмысы туралы және т.б. мәселелерді талқылады.

Іс-шара өңірде бейбітшілік пен келісімді сақтауға, қоғамда достық пен өзара түсіністікті нығайтуға, жастарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге, мәдени құндылықтарды сақтауға, сондай-ақ қоғамдық сананы жаңғырту жобасын насихаттауға бағытталды.   

«Идеялар, жоспарлар бар, мемлекет пен әлеуметтің әрекетті белсенділігі және жалпы тарихи перспектива – берекелі де гүлденуші Қазақстан, сол үшін Президентімізге мың алғыс» - деп атап өтті өз сөзінде ҚР Парламенті Мәжілісі 4-шақырылымының депутаты Раиса Полищук.

Нұрсұлтан Әбішұлының саяси қайраткер, ұлт көшбасшысы ретінде қалыптасуының тарихы ұзақ та қызықты. Нұрсұлтан Назарбаев адамдардың игілігі үшін еңбек етті, сондықтан олардың оны қолдайтынына әрдайым сенімді болды. Металлургтермен бірге қайнаған ортада болды, шахтерлермен бірге ұңғымаға түсті. Сондықтан да  Назарбаев үрей-қорқынышсыз жоғарыда тұрған кабинеттерге аяқ басты және онда әділдікке қол жеткізді.

Басшы Н. Назарбаевтың беделі жоғары болды, себебі ол жұмысшыдан бастап жоғарыға көтерілді, барлық проблемалармен іштей таныс еді. Сонымен бірге оның бойында стратегиялық сезім, болашаққа және жаңаға деген қызығушылық сезілді. Елімізге осындай тәжірибелі де қуатты кадрлар қажет еді. Сөйтіп 1977 жылы ол Қарағанды обкомпартиясының хатшысы, кейін екінші хатшысы болды.

Президенттің өмірбаяны және Қазақстанның дамуы жайында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығы» МКҚК директоры Сабыр Ибраев айтты.  

Гуманитарлық-техникалық колледждің директоры Александр Мерктің баяндамасы қызықты болды. Ол өзінің жас кезін және «Нұр Отан» партиясы съезіндегі Елбасымен алғашқы кездесуін еске түсірді. Александр Андреевичтің сөзіне қарағанда, Нұрсұлтан Әбішұлы рухы мықты, өз-өзіне сенімді Мемлекет көшбасшысы ретінде әсер қалдырды. Президенттің партиялықтарға айтқан кеңестерін де есіне алды: «Әрқашан халыққа жақын болыңыздар, олар қиындыққа ұшырағанда оларға көмек көрсетіп, кеңес беріңіздер».

Мемлекетіміздің қалыптасуы барысындағы айтарлықтай маңызды фактор – президенттік биліктің конституциялық негіздері жайында заң ғылымдарының кандидаты, «Urpaq» қазақ мәдени-ағартушылық орталығының төрайымы Гүлбақша Мұсабаева сөз қозғады.

Соңында СҚО ҚХА жастар қанатының көшбасшысы Сағыныш Бектемірова сөз сөйледі. Оның айтуынша, Елбасы өз бағдарламалық мақаласында айтқан сананың ашықтығы жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызды фактор болып табылады.

Дата события Ассамблеи: 

Жұма, 24 Қараша, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15