You are here

Қазақстан жазушылар одағының мүшелерімен кездесу

22.06.2017, 11:08   108

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Тамаша жазушылар Қуандық Түменбай және Любовь Шашкова өз әріптестерімен және оқырмандармен кездесу үшін шуақты Алматыдан келді. Отырыс Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада өтті.

Кездесудің басты мақсаты – Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының идеологиясын насихаттау, сондай-ақ өңірлердегі әріптестермен тәжірибе алмасу.

Іс-шараға жергілікті жазушылар, журналистер, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының, мемлекеттік мекемелердің өкілдері және жастар қатысты. Отырысты «Солтүстік Қазақстан» Солтүстік Қазақстан  облыстық газетінің редакторы Жарасбай Сүлейменов ашты.

Жазушы, журналист-публицист, Жазушылар одағының мүшесі, «Үркер» газетінің бас редакторы Қуандық Түменбай отырысқа қатысушылар алдында сөз сөйледі. Автор өзінің «Скорый поезд», «Солдаты нашего дома», «Бездна», «Баран и чабан» және басқа да туындыларымен әйгілі. Оның кітаптары араб, орыс және неміс тілдеріне аударылған. Көптеген хикаяттары республикалық конкурстардың марапаттарына лайық. Ол қарапайым халықтың ауылдағы өмірін тамаша суреттейді, ғылыми қайраткерлер туралы қалам тартады және Отанымыздың нағыз азаматы болып табылады. Оның айтуынша, Президенттің мақаласында қоғам мен мемлекетті дамытуға  арналған маңызды постулаттар айқындалған. Жазушы осы маңызды құжатта қамтылған  прагматизм мен кемеңгерлікті қолдайды.

«Нұрсұлтан Әбішұлы өз мақаласында заманауи қоғамға  қатал қарап, мәдениеттің әлеммен біте қайнасуы үшін халыққа баруға шақырды. «100 жаңа тұлға» бағдарламасы тер төккен еңбегімен және талантымен өз тұрмысын құрған және рухани жағынан елімізге байлық сыйлайтын  жарқын адамдарды танытады. Халық мұндай қайраткерлерді тануы тиіс. Бүгінгі таңда Жазушылар одағы мүшелерінің арасында жазушылар топтары құрылды, олар облыстарды аралай отыра, Елбасымыздың мақаласында  айтылған мақсаттарды насихаттайды», - деп бөлісті бізбен Любовь Шашкова. Любовь Константиновна Беларусияда дүниеге келген, 1971 жылдан Қазақстанда тұрып жатыр және оны ессіз сүйеді және оны өз Отаным деп санайды. Журналист, КСРО және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, бірқатар кітаптар, өлеңдер мен поэмалардың авторы. Қазақ, ұйғыр, серб, белорус ақындарының туындыларын аударған. Қазақстан Республикасының мәдениетке еңбегі сіңген қайраткер. Кездесуде жерлесіміз Мағжан Жұмабаев өлеңдерінің аудармасын оқып, өз кітаптарымен таныстырды.   

Любовь Шашкова Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып,  «Вечная страна моя» кітабын сыйға тартты. Онда әдебиетшілердің, ақындардың еліміздегі этностардың алуан түрлігігін көрсететін өлеңдері жиналған, оқырман қазақ және орыс туындыларынан басқа неміс, ұйғыр, кәріс, армян, татар, қырғыз, украин тілдерінде түпнұсқада да орыс аудармасында да өлеңдер оқи алады.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов қонақтарға шын ниеттен алғыс білдірді. Оның сөзінше, бүгінгі таңда еліміздің алдында үлкен міндеттер тұр және әр адам өз мемлекетінің игілігі үшін аянбай еңбек етуі керек, әр азамат – Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі өз бойында және айналасында бейбітшілік пен келісімді сақтап, бүгінгі ұрпақты патриотизм мен толеранттылық рухында тәрбиелеген жөн. Осы құндылықтарды назарға ала отыра, біз мықты да бәсекеге қабілетті мемлекетті құрып, болашаққа нық қадам баса аламыз.   

 

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ҚММ

 «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15