You are here

Қайырымдылық – жан жүрегінің ашықтығы

04.12.2017, 13:09   131

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қазақстан халқы ассамблеясы екі жыл қатарынан «Жыл жәрдемшісі» атағына конкурс өткізеді. 29 қарашада Петропавл қаласының «Эмират» мейрамханасында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мадияр Дүйсенбайұлы Кожахметтің қатысуымен «Жыл жәрдемшісі» конкурсының финалы болды. 

Аталған конкурс өңірде қайырымдылық мәдениетін насихаттау мақсатында өткізілді. Айналадағы адамдардың проблемаларына араласып, жақындарына жақсы үлгі көрсететін жандарды атап өтудің маңызы зор.

2017 жылдың басынан «Қоғамдық келісім» КММ облыстық ҚХА-мен бірлесе отырып, қайырымдылық іс-шараларын өткізіп, халықтың әлсіз тобына  8,000,000 тг сомада қаржылық қолдау көрсетті.

Өңірде тұрақты мониторинг жүргізіледі, мұқтаждар базасы және жәрдемшілер мен меценаттар базасы жаңартылады.

Бірінші жарты жылдықта Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени орталықтары және «Қоғамдық келісім» КММ қайырымдылық концерттер, акциялар өткізді, сондай-ақ балалар үйлеріне, мамандандырылған мекемелерге барды.  

2017 жылғы көктемде өңірде су тасқынынан жүздеген үйлер суға кеткендіктен, төтенше жағдай жарияланды. Этномәдени бірлестіктер зардап шеккендерге  1,200,000 тг сомасында көмек көсетті. 3,000,000 теңгеге жуық сомада гуманитарлық көмек берілді. «Ахыска» түрік этномәдени орталығы, Түмен облысы қазақтары ұлттық-мәдени  автономиясы, сонымен бірге Астана қаласындағы «Клуб добряков» қол ұшын берді. Аталған көмек уақытша эвакуациялау орталықтарына және зардап шеккендердің мекенжайларына жеткізілді.

«Бірлік мейірімділік арқылы!» Осындай ұранмен Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының барлық қайырымдылық іс-шаралары өтуде. Біздің күшіміз – бірлікте!

Облыс  әкімінің орынбасары Мадияр Дүйсенбайұлы барлық жиналғандарға алғысын білдірді: «Бүгінгі таңда Ассамблея келісімді сақтау, қоғамды үйлестіру және қайырымдылық мәдениетті дамыту сынды маңызды міндеттерді орындайды», - деді ол.

Мадияр Қожахмет «Жыл жәрдемшісі» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін  ашты. «Тайынша Астық» ЖШС директоры Анатолий Рафальский «Ірі және орта кәсіпорындар, ұйымдар» номинациясындағы жеңімпаз атанды. Анатолий Брониславович  өз туған ауылы үшін нанға жеңілдіктен бастап, жолды жөндеуге дейін  көп іс тындырды.

«Жеке кәсіпкерлер, шағын бизнес кәсіпорындары» номинациясында жеңіс «Весна»   флористика студиясының директоры Елена Семидоцкихке бұйырды. Елена Александровна  облыста қайырымдылық қызметпен белсене айналысады, бірде бір ауқымды іс-шара оның қатысуынсыз өтпейді. Сонымен бірге көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету барысында өзін таныта білді.  «Солтүстік Қазақстан облысының «Сомониён Север» тәжік қауымы» ҚБ мүшелері биыл белсенді қайырымдылық қызмет көрсетті. Анваршох Гайратович Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының өкілі, орталық төрағасы «Этномәдени бірлестіктер» номинациясында жеңіске жетті.

«Қайырымдылық қорлары» номинациясында «Солнечный дом» Даун синдромы бар балалар мен ересектерге көмек көрсету қоғамдық қорының директоры Швец Анастасия Геннадьевна жеңімпаз болды. Қор ерекше адамдармен ауқымды жұмыс жүргізуде, мейірімді жүрек және өз ісіне деген шынайы сүйіспеншілік - «Солнечный дом» қорының табыс кепілі.

Осы жылдың көктемінде облысымыз су тасқынынан зардап шекті. Жүздеген үйлер суға кетті, адамдар уақытша эвакуациялау орталықтарында тұрды. СҚО ҚХА кәріс этномәдени бірлестігінің төрағасы Хан Евгений Викторович ешқашан өңірдегі проблемалардан тыс қалмайды. Зардап шеккендерге көмек көрсетті, гуманитарлық көмекті қабылдау және жеткізу барысында өз қызметтерін ұсынды. Ол «үкіметтік емес ұйымдар» номинациясында жеңіске қол жеткізді.

Ресей Федерациясындағы қандастарымыз бізді қиын жағдайда қалдырмады.  Басшы  Есенғали Хамзаұлы Ибраевпен бірге Түмен облысы қазақтары ұлттық-мәдени  автономиясы 8 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Орында еріктілердің көмегімен азық-түлік пакеттері жиналып, зардап шеккендердің мекенжайларына жеткізілді. Есенғали Хамзаұлы өңіріміздегі қайырымдылыққа қосқан үлесі үшін құрмет грамотасымен марапатталды.

2017 жылғы 19 мамырда ІІ Қайырымдылық балы өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша 3,169,000 тг жиналды. Қаражат  Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің шешіміне сәйкес үш бала: Зологин Иван (бүйрек гипоплазиясы, бүйрегін ауыстыру қажет), Пугач Илья (остеопетроз, бас миын ауыстыру қажет), Бейсембаева Диана (бас ми ісігі, терең ұйқыда, қымбат тұратын ем қажет) арасында үйлестірілді. Іс-шара ойдағыдай өтті, бүгін біз Қайырымдылық балын жоғары деңгейде өткізуге көмектескен демеушілер мен жәрдемшілерді атап өткеніміз абзал.

Петропавл қаласының әкімі Тасмағанбетов Марат Иманбайұлының атынан «Гера» авторлық агенттігінен Алена Писаренко, «Весна» флористика студиясынан Елена Семидоцких,  «Ваш успех» жарнама агенттігі, «Ақ тілек» мейрамханасы марапатталды.

Балға дайындық барысында ауқымды жұмыс жүргізілді, оған қаламыздағы талантты адамдар қатысты, ол біздің әріптестеріміз: «SabriKurtkaya», «Гримерка», «ElyaBeauty» сұлулық студиялары. «Алима», «Ариана», «Светская львица» сұлулық салондары. Визажистер: Марина Кожухарь, Құралай Даулетбаева. Ақпараттық демеушілер: «Регион-Медиа» жарнамалық-маркетингтік компаниясы, «Алирус» жарнама агенттігі. Қаламыздың  талантты фотографтары: Марат Ибраев және Дәурен Абилхаятовқа, сонымен бірге видеограф Дидар Үмітжановқа алғыстар айтылды. Арнайы эффектілер мен ертегідей әлем жасағаны үшін  Сыздықов Әділхан және Қайратов Мейрамбек марапатталды.

Қайырымдылық концерт, жәрмеңке немесе бал болсын кез келген іс-шараның артында көп жұмыс жатыр. Ол ең алдымен жан жылуын талап етеді, бұл жерге жарнама немесе табыс табу үшін келмейді, мұндай іс-шараларды ұйымдастыруға жаны адал, ниеті таза жандар қатысады. Осындай жандардың бірі - Вера Щербинина. Ол көптеген қайырымдылық акциялар өткізді, көмекке мұқтаж бірде бір жан оның назарынан тыс қалмады. Ол КГУ директоры Әсемгүл Есқожа және облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимовтың атынан Құрмет грамотасымен марапатталды.

«Арай» халық би ансамблінің дарынды қыздарына (көркемік жетекшісі Диляра Сабырова) алғыс айтылды. Диляра  сынды кәсіби маман жұмысты қолға алғанда, іс-шара жоғары деңгейде өтетініне сенімді боласың. Талант, биге деген сүйіспеншілік, ақкөңілділік, мейірімділік, жұмысқа берілу сынды қасиеттер осы тамаша қызға тән. Диляра Ерлановна Құрмет грамотасымен марапатталды.

Осы жыл бойы бізбен «Мир аттракционов» ЖШС директоры Александр Козлов белсене ынтымақтастық жасады. Қолдауы үшін оған құрмет грамотасы берілді.

Жуырда Диляра Сабырованың бастамасымен қаламызда қайырымдылық іс-шара өткізілді, онда қайырымдылық аукцион болды. Лоттардың бірі  Жанат Жақияновтың спорттық киімі болды, ол оны Солтүстік Ирландия Бэлфаст қаласында өткен чемпион атағы үшін күресте киген болатын.  Тұрақты  әріптестеріміз Ольга және Сабри Курткая бұл киімнің иегерлері атанды.  Бұл күні олар осы құнды лотты ІІІ  Қайырымдылық балда қайта сату үшін Қайырымдылық балды ұйымдастырушы - «Қоғамдық келісім» КММ қолына ұсынды. «Құлагер» хоккей командасы имек таяғын иеленген Алена Писаренко және Александр Винокуровтың өмірбаяны мен қолы қойылған кітапты сатып алған Хан Евгений Викторович та олардан қалыспады. Бұл құнды лоттар – бал ұйымдастырушылары үлкен қолдау, жақында дәстүрлі іс-шараға дайындық басталады. ІІІ  Қайырымдылық бал одан да көп мейірімді жандардың басын қосып, балалардың өмірін сақтап қалатынына сенімдіміз.

Тынымсыз еңбегі, қолдау мен жылы сөздері үшін барлығына алғыс айтамыз! Айналадағы адамдарға деген мейірімділік – жан жүрегінің ашықтығы мен тазалығы, өмірді сақтау арқылы әр адам нағыз сиқыршы бола алады.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15