You are here

«Қайырымдылық – жан мейірімділігінің белгісі»

22.08.2017, 16:34   176

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Игі де ізгі істер жасаудың пайдасы мен қажеттілігі жайында көп ғасырлар мен мың жылдықтар бойы сөз болып келеді.

Бүгінгі таңда әлемде адамдардың көмегіне мұқтаж жандар біршама, біз бірлескен күшіміздің арқасында оларға көмек беріп, жәрдемдесе аламыз.

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы асамблеясы өз қызметіндегі басты бағыттың бірі қайырымдылық көмек көрсету, өңірде меценаттық пен донорлықтың дамыған жүйесін қалыптастыру деп біледі.

2017 жылғы 20 тамызда Петропавл қаласының Достық үйінде «Дуслык» татар-башқұрт орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Мектепке жол!» қайырымдылық концерті өтті. Іс-шара аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға мектепке жиналу үшін көмек көрсетуге бағытталды. 

Қайырымдылық концерттің бағдарламасы екі сағатқа созылып, әртістердің, татар-башқұрт орталығындағы шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуін қамтыды. Мереке қонақтары татар, қазақ және орыс тілдеріндегі әндерді, хореографиялық және музыкалық композицияларды, билерді, өлеңдерді және басқаларын тамашалады. Көрермендер әр орындаушыны ду қол шапалақпен қарсы алып, шығарып салды, сөйтіп өздерінің құрметі мен қуанышын білдірді. Сисанбаевтар отбасы, Малик Шигабутдинов, Ринат Шамшутдинов, Мнира Куспанова, Динара Насырова т.б. сынды есімдер, «Лайсан» вокалды тобы Петропавл қаласының барлық тұрғындарына танымал екені сөзсіз.  

Әрине, іс-шараның ең маңызды сәті қайырымдылық іс болды. Нәтижесінде 112 200 теңге жиналды, бұл қаражат мұқтаж балаларға кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға жұмсалмақ.

Іс-шара соңында «Дуслык» татар-башқұрт орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Наиль Абраев сөз сөйледі. Ол атап өткендей, өткізілген іс-шара өз  мақсатын ойдағыдай жүзеге асырды және жиналған қаржы кеңсе тауарларын сатып алу түріндегі материалдық көмекке мұқтаж балаларға тікелей жіберілетін болады.  

Сонымен бірге Наиль Кадырович барлық жиналған қауымды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтап, денсаулық, ашық аспан және еліміздің өркендеуін тіледі. Сондай-ақ ол концерттік бағдарламаға қатысушыларға, қонақтар мен аталған іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге көмектескен жандарға шексіз алғысын білдірді.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15