You are here

Еске алу күні

31.08.2017, 10:14   329

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Әр халықтың тарихы оқиғалар мен ұмытылмас күндерге толы. Өкінішке орай олардың арасында қайғылы күндердің де саны аз емес. Неміс халқы үшін тарихтағы қайғылы күн 1941 жылғы 28 тамыз – «Поволжье ауданында тұратын немістерді аудару туралы» КСРО Жоғарғы кеңесінің Жарлығы жарияланған күн. Бұл жарлық Поволжье немістерімен бірге Қырым, Украинада және Кавказда тұрып жатқандарды да қозғады. Бұл жарлықта немістерге гитрлерлік Германияға жәрдем берді деп айып тағылды. 

Депортация – бұл тұлғаны немесе тұтас халықты мемлекет шегінен тысқары жерге мәжбүрлеп аудару. Неміс халқы осындай тағдыр тәлкегіне ұшырады. Совет үкіметінің түсіндірмесіне сәйкес оған себеп болған саяси қылмыстарды болдырмау. Сөйтіп, алғашқы үш аптада ғана Поволжьеден 438,7 мың адам жер аударылды. 16-60 жастағы ер адамдар құрылыс батальондарына жұмылдырылды, бірсыпыра отбасы ер адамның күшінен және ананың мейірімінсіз қалды, жетім қалған неміс балаларының саны тіптен көбейді. Бұл қайғылы оқиғаға немқұрайлықпен қарайтын адамның жоқ екені даусыз.  «Видергебурт» Солтүстік Қазақстан облыстық неміс мәдени орталығы жыл сайын 28 тамызда Еске алу күнін ұйымдастырады. Бұл күні іс-шараға қатысушылар  қайғы-азапты бастан кешірген өз әкелері мен аналарын, ата-әжелерін еске алады. Бас қосқан олар өз ата-бабаларының ерлігі мен шыдамдылығын бағалап, қайғырып, тарих беттеріне үңіледі.

Іс-шара «Пресвятое Сердце Иисуса» рим-католик махалласында еске алу дұғасынан және бір минут үнсіздіктен басталды, ғибадатхана қасында орналасқан «Тоталитарлық жүйе құрбандары» ескерткішіне гүлдер қойылды. Сөйтіп неміс мәдени орталығының мүшелері ата-бабаларын еске алды. Біз есімізде сақтағанша, өз біліміміз бен сезімімізді жас ұрпаққа жеткізгенше, осы халықтың басына түскен сынақ естен өшпес.

Гүл қою рәсімі аяқталғаннан кейін барлығы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына бет алды, онда жер аударуға арналған көрме ұйымдастырылды.

Бұл – халықтарды жер аударудың тарихы бейнеленген үлкен зал, мыңдаған жаралы адамдар өмірі мен тағдыры суреттелген. Ирина Горбацевич оның отбасын қамтыған неміс халқының қорқынышты оқиғалары жайында айтып өтті.

Кездесуде Эльвира Ковзель («Видергебурт» Солтүстік Қазақстан облыстық неміс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің президенті) сөз сөйледі: «Халқымыздың тарихындағы қайғылы оқиғадан 76 жыл өтті,  халықтың тағдыры ұзақ жылдар бойы жер аудару сынақтарына, еңбек әскеріне жұмылдыруға, отбасының ажырасуына, ашаршылыққа, соғыстан кейінгі комендатураға және неміс ұлтының тиістілігінен болған басқа да жоқшылықтарға байланысты болды. Жыл сайын 28 тамызда біз осы жазықсыз жандарды еске алу үшін жиналамыз. Біз өз жүрегімізде ата-бабаларымызға деген махаббат пен ризашылығымызды білдіріп, халқымыз әділетсіз зиян шеккен оқиғалардың азабын өскелең ұрпаққа жеткіземіз».

Кездесу аяқталғаннан соң жиналған қауымға шай ішу ұйымдастырылды, мұнда барлығы бейресми жағдайда бір-бірімен естіген әңгімелері және неміс халқының қайғылы тағдыры жайлы оқиғаларымен бөлісіп, әңгімелесе алды.

Аталған іс-шараны жыл сайын «Видергебурт» СҚОНМО» ҚБ жер аударылғандарды еске алу, қайғы мен күйініш сезімін білдіру, туған жерінің, неміс халқының тарихын зерттеуге халықты тарту, сондай-ақ жас өскелең ұрпақты патриотизмге және рухани-адамгершілік мұратқа тәрбиелеу мақсатында өткізеді.

Дата события Ассамблеи: 

Бейсенбі, 31 Тамыз, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15