You are here

Бәріне еңбекпен қол жеткізіледі!

10.07.2017, 18:02   339

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Петропавл қаласының Достық үйіндегі акт залында «Менің тағдырым елімнің тағдырында» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасында іске асырылатын қоғамның осы заманға, біздің замандастарымыздың тарихына назар аударуға бағытталған ұсынысына үн қосу кітабы.

«Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасы – осы жылдар ішінде жетістікке жеткен әр аумақтың, әр жас пен ұлттың 100 нақты адамының тарихы.

«Тек жалпыұлттық емес, сонымен қатар аймақтық «100 жаңа тұлға» жобаларын құру қажет. Біз ұлттың алтын қорын құрайтын адамдарды білуіміз керек!» - дейді Елбасымыз.

Кітаптың беттері бізді саясаткерлер мен ұстаздармен, жоғары мектеп өкілдерімен, дәрігерлер мен мәдениет қайраткерлерімен, кәсіпкерлер мен ауылшаруашылық басшыларымен, жерге қамқор болып, бір онжылдық емес бүкіл өмірін арнаған жердің нағыз қожайындарымен таныстырады.

Олардың әрқайсысынының өз тағдыры мен өмірбаяны бар, қарапайымдылығы, еңбексүйгіштігі, тәжірибесі, табыс жолына берілгендігі қазіргі ұрпақтарға ғана емес, сонымен қатар, келешек ұрпақтарға да қызықты әрі маңызды.

«Бұл кітапта тек біздің кездегі емес, сонымен қатар алдыңғы буындардағы табысқа жеткен адамдар көрсетілген. Ол отанды сүю  ісіндегі кішкентай кірпіш болады, Н.Ә.Назарбаевтың бағдарламалық мақаласынан өзіміз білетіндей, отансүйгіштік өз жерін, ауылын, қаласын, аймағын, кіші Отанын сүйе білуден басталады», - деді Н. А. Иванова.

«Біздің кітап – ғасыр басындағы елдің ұжымдық портреті. Онда біз жалпы игіліктер жолында еңбек атқарып,  мықты ел құрып, оның рухани және материалдық құндылықтарын сақтап, көбейтіп жатқан адамдар туралы айтамыз», - деді кітап редакторы Галина Воробьева.

Кітаптың тұсаукесері жылы, жаймашуақ жағдайда өтті, онда кітап кейіпкерлері, қоғам қайраткерлері, БАҚ, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясындағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ардагерлер, жастар, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының және «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері  болды. «Звонница» орыс және казак әндерінің халық хоры ұйымдастырған концерт жиналған қауымға мерекелік көңіл-күй, жылылық пен отансүйгіштіктің қайталанбас сезімін сыйлады.

 

Валентина Корнева

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15