You are here

Біз – командамыз!

04.07.2017, 16:34   229

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Команда біртұтас ұжым, ең бастысы мақсаттары бір адамдар. Күнсайын Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы, оның құрылымдары мен бөлімшелерінің мүшелері бірігіп жұмыс істейді, біздің мемлекетіміздің өрлеуі және міндеттерін жүзеге асыру үшін өзара әрекет етеді.

Қазақстан халқы ассамблеясында біздің қоғамымыз құрылуы тиіс негізгі постулаттары бар: Бейбітшілік, Келісім және Бірлік. Біз бұл идеяны алға қарай жылжытамыз, жастарды ұлттық бірегейлік пен отансүйгіштік рухта тәрбелейміз, әрқайсын ынтымаққа шақырамыз, өйткені біздің еліміздің күші бірлікте! Біздің облыстық ассамблеяның ұжымы үлкен бір отбасы және біз одан әрі мықты болуымыз және күшті команда жасақтауымыз үшін этномәдени орталықтардың төрағалары және белсенділерімен, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлерімен семинар-тренинг өткіздік.

Біздің командамызды ұйымдастыру үшін қаламыздың үздік жүргізушісі – Максим Касперович қатысушыларға команда құруға арналған ойындар дайындады. Ал Ғалия Баязитованың психологиялық тренингі команда мүшелерінің көшбасшылық қасиеттерін анықтауға және өз-өздерін тануға көмектесті. Бұл күн қызыққа толы болды, жұмыс істей отырып, әсем табиғаттың аясында жақсы демалдық, жазғы күн шуақты тамашаладық және «бейресми», еркін араластық.

Бұндай кездесулер жұмыстағы өзара әрекеттің ерекше дамуына мүмкіндік береді. Бір-біріне деген құрмет, сенімді көзқарас және жақсы көңіл күй ұжымдағы жайлы жағдайға ықпал етеді. Осылай ша, семинарға қатысушыларды біріктере отырып, ұйымдастырушылар мұндай жұмысты өнімді, ең бастысы – көңілге қонымды боларына сенімді.

 

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» КММ

«Қоғамдық келісім» КММ –нің баспасөз қызметі 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15