You are here

Аналар кеңесінің отырысы

10.07.2017, 09:29   133

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Есіл ауданының Явленка ауылында Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясындағы Аналар кеңесінің отырысы өткізілді.  

Отырыс шеңберінде облыстағы Аналар кеңесінің қызметі, жастар ұйымдарымен, ардагерлер кеңесімен, мемлекеттік және т.б. мекемелермен өзара іс-қимыл жасау бойынша бірқатар мәселелер талқыланды.

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясындағы Аналар кеңесінің төрайымы  Смаилова Күлімкөз Қайырбайқызы облыстық Кеңес жұмысының  тәжірибесімен бөлісті.

«Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаланы әріптестерімен бірге талқылау үшін «Солтүстік Қазақстан облысының дін жұмысы бойынша басқарма» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі ақпараттық қызмет және қоғамдықпен байланыс бөлімінің басшысы – Мұқанова Бағдат Сәрсімбайқызы келді.

Оның айтуы бойынша, бұл құжатта күшті мемлекет құру үшін бізге негізгі міндеттер берілген.

Бүгінгі күнде, жастарда ынтымақтастық қарым-қатынас, Отанға құрмет пен сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу өте маңызды.

Облыстық ардагерлер Кеңесі бөлімінің басшысы Қасымова Раиса Орынбасарқызы «Ардагерлер кеңесі мен Аналар кеңесінің жастар бойында отансүйгіштікті тәрбиелеу бойынша бірлесіп қызмет атқаруы» тақырыбында сөз сөйлеп, жастардың бойында жауынгерлік дайындық пен отансүйгіштікті тәрбиелеу және адамгершілік мәдениетті дамыту жөніндегі ойларын ортаға салды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат қоғамдағы өзекті тақырыптың бірі.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттік департаментінің бас маманы Альдименова Динара Сәкенқызы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесін сөз етті.

Отырыстан кейін қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, баяндама дайындаған адамдарға сұрақтар қойды. Кездесу соңында ұйымдастырушылар аналар кеңесінің қоғам дамуына өз үлесін қосқан белсенді мүшелері мен көп балалы аналарға түрлі марапаттар тапсырды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15