You are here

25 жыл тату көршілік

13.12.2016, 11:11   436

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Достық үйінің конференц залында «Ассоциация русских, славянских и казачьих организаций Казахстана» ҚБ, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасы ұйымдастырған  «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының тату көршілігіне  25 жыл» халықаралық конференциясы өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Свердлов облысы қоғамдық бірлестіктерінің Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктерімен гуманитарлық саладағы өзара іс-қимылының жинақталған тәжірибесін және Солтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық бірлестіктерінің Ресей облыстарының қоғамдық бірлестіктерімен және мемлекеттік ведомстволарымен өзара іс-қимыл тәжірибесін бағалау.

Жиынды Солтүстік Қазақстан облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов құттықтау сөзімен ашты.

Бірқатар бяндамалар жасалды, олар: Людмила Гривенная – Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, ол Қазақстан мен Ресейдің ортақ тарихы жөнінде айтты, тарих ғылымдарының кандидаты, Екатеринбург қаласындағы « «Урал-Евразия сарапшылар клубының» сарапшысы Александр Бурнасов  Қазақстан мен Ресейдің білім беру саласындағы ынтымақтастығы жөнінде сөз қылды, осы клубтың сарапшысы, тарих магистрі Вадим Рудаков Орал федералдық университеті халықаралық қатынастар департаментінің Қазақстанмен өзара іс-әрекет тәжірибесімен бөлісті.

Тәуелсіздіктің 25 жылында Қазақстанның қалыптасуы туралы, ұлтаралық бейбітшілік пен келісімді сақтау және нығайту жөнінде өз сөзінде Гуманитарлық-техникалық колледж жанындағы «Бейбітшілік пен келісім орталығының» директоры  Борис Самусев кеңінен баяндады; Русская община Северо-Казахстанской области» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Виктор Дубровин өз баяндамасында «Ассоциация русских, славянских и казачьих организаций Казахстана» ҚБ үлгісінде Қазақстандағы ресейлік отандастар ұйымдарының Ресеймен өзара іс-қимылы жайында айтты.

Іс-шараның соңында Солтүстік Қазақстан облысы мен Екатеринбург қоғамдық бірлестіктері арасында түрлі гуманитарлық мәселелер бойынша өзара қарым-қатынастарды дамытудың келешек бағыттары әзірленді.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15