You are here

Сұлтанов Е.Х.

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Ерік Хамзаұлы Сұлтанов 1956 жылдың 24 наурызы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді, «Жол-құрылыс машиналары мен жабдықтары» мамандығы бойынша Қарағанды политехникалық институтын және «Автомобиль жолдары, көпірлер мен аэродромдар құрылысы» мамандығы бойынша Шығыс Қазақстан мемлекеттік политехникалық университетін тамамдаған.Еңбек жолын 1978 жылы механик болып бастап, аға құрылыс жұмысын ұйымдастырушы, бірлескен кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары, Құрылысты механикаландыру басқармасының бас инженері, бірлескен кәсіподақ комитетінің төрағасы, «Екібастұзшахтақұрылысы» комбинатының АӨК директоры болып қызмет етті.

1993–2002 жылдары — Екібастұз қалалық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары, XIII шақырылған ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, ҚР Еңбек министрлігі Еңбекті қорғау департаментінің бастығы, «Екібастұзшахтақұрылысы» АҚ президенті, Павлодар облысы Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі аумақтық комитет төрағасы, СҚО Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі аумақтық комитет төрағасы, СҚО әкімінің орынбасары, ҚР ККМ Автомобиль жолдары департаментінің директоры, ҚР ККМ Автомобиль жолдары комитеті сыртқы қарыз жөніндегі консультанттардың бас үйлестірушісі, ҚР ККМ «Қазақавтожолдары» РМК бас инженері.

2002–2008 жылдары — ҚР ККМ Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетінің төрағасы, «Қазақжолқұрылысы» ЖШС директоры, Астана қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.

2008–2013 жылдары — «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті.

2013 жылдың 3 сәуірінен — «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15