You are here

Достық үйі

Версия для печатиPDF versionEPUB version

 

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылдың шілде айында "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.

Ұйымның қызметі этномәдени орталықтар арасындағы байланысты нығайтуға, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-әдістемелік, эксперттік-зерттеу базасын құруға және дамытуға, Қазақстан халқын біріктірудің басты факторы ретінде мемлекеттік тілдің дамуына ықпал етуге, қазақстандық этностардың тілдік ерекшеліктерін сақтауға және дамытуға, жастар арасында толеранттылық пен Қазақстанда тұрып жатқан барша этностардың мәдени дәстүрін, тілін және құндылықтарын құрметтеуге бағытталған.

  

«Қоғамдық келісім» КММ басшысы Есқожа Әсемгүл Найманқызы болып табылады.

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының, «Қоғамдық келісім» КММ Петропавл қ. Қазақстан Конституциясы к-сі, 27 мекенжайында орналасқан.

Жалпы алаңы 1500 шаршы м. тұратын Достық үйі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Мұнда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының және «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кабинеттері, 24 этномәдени бірлестіктер, акт залы, іс-шаралар өткізілетін конференц-зал, мемлекеттік, неміс, поляк, татар тілдерін үйренетін кабинеттер бар. Кабинеттер ұйымдастыру техникаларымен жабдықталған және Internetке қосылған.

 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15