You are here

Ассамблея туралы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

 

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы

Солтүстік Қазақстан облысы құрамы жағынан көп ұлтты болып келеді. Мұнда 98 ұлт өкілі тұрып жатыр (2009 ж. халық санағынан). 2014 жылдың басында облыс халқының саны  575 766 адамды құрады.

Жергілікті халық - қазақтардың саны – 196 872 адам немесе 34,2%. Басқа этностарға тоқталар болсақ: орыстар – 287 562 немесе 49,9%; украиндар – 26 093 немесе 4,5%; немістер – 20 431 немесе 3,5%; поляктар – 12 841 немесе 2,2%; татарлар – 12 506 немесе 2,2%; белорустар – 6 042 немесе 1,0%; азербайджан, армян, тәжік, чуваш, шешен, ингуш, башқұрт т.б. ұлттар – 6 654 адам немесе жалпы санының 1,5 пайызы.

1995 жылдың 1 ақпанында облыста Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы құрылды.

Қызметінің мақсаты – қазақстандық азаматтық бірегейлікті қалыптастыру үдерісінде облыстағы этносаралық келісімді және қазақстандық патриотизм идеясы негізінде бәсекеге қабілетті ұлтты, азаматтық және Қазақстан халқының рухани-мәдени қоғамын қамтамасыз ету.

Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясында 23 этномәдени бірлестік, облыс аудандарында – 137 этнобірлестік жұмыс істейді.

Өңіріміздегі ассамблеяның 73 мүшесі бар.

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелерінің саны – 14 адам.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы құрамына Кеңес кіреді, оның құрамына 25.

Солтүстік Қазақстанның Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы облыс әкімі Ерік Сұлтанов болып табылады.

Хатшылық меңгерушісінің лауазымы Салимов Наиль Камильевич орынға ие болады.

2013 жылдан бастап «Бірлік» жастар қоғамдық бірлестігі өз қызметін жүзеге асыруда, оның құрамында этномәдени бірлестіктердің 11 жастар клубының өкілдері енген. Төрайымы Аяпбергенова Ләззат болып табылады.

Аталған бірлестік облыс халқының адамгершілік және рухани қасиеттерін дамыту үшін, түрлі ұлттар арасында тілдік және мәдени ортаның сақталуын насихаттау, өңірдегі этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту үшін этномәдени орталықтар мүшелерін біріктіру мақсатында құрылған.

Ассамблея қызметін ғылыми тұрғыда сүйемелдейтін 11 адамнан тұратын ғылыми-эксперттік топ жұмыс істейді. Төрағасы – Ыбраев Сабыр Ысмағұлұлы – М.Қозыбаев ат. СҚМУ экономика, тарих және құқық факультетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.

Қазіргі уақытта ұлтаралық келісімді сақтау бойынша үлкен жұмыс атқарылуда. 2014 жылғы 4 сәуірде М.Қозыбаев ат. университетте "Қазақстан халқы Ассамблеясы" кафедрасы ашылды. Кафедра қызметі университеттің оқытушылық-профессорлық құрамын зияткерлік әлеуетін мемлекеттік, білім беру мекемелерінің және этносаралық қарым-қатынастар мәселелері бойынша облыстағы этномәдени қоғамдық ұйымдар қызметінің тәжірибесімен ұштастыруға бағытталған. Кафедраның меңгерушісі Гривенная Людмила Александровна – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.

Облыста құрамы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің 10 адамынан тұратын журналистер Клубы жұмыс істейді Клуб қызметі қоғамды Қазақстан халқы Ассамблеясы жайында, толеранттылықты, этносаралық тұрақтылықты насихаттауға, БАҚ жарыққа шығара отырып өңірімізбен қатар республикада болып жатқан негізгі оқиғалардан хабардар етуге бағытталған. Төрағасы Мұсырман Кәрібай Иманжанұлы.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанында «Ассамблея» корпоративтік қоры өз қызметін жүзеге асырады. Оны Хан Евгений Викторович басқарады.

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету мақсатыда 2014 жылдың шілде айында "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" ММ «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Ұйымның қызметі этномәдени орталықтар арасындағы байланысты нығайтуға, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-әдістемелік, эксперттік-зерттеу базасын құруға және дамытуға, Қазақстан халқын біріктірудің басты факторы ретінде мемлекеттік тілдің дамуына ықпал етуге қазақстандық этностардың тілдік ерекшеліктерін сақтауға және дамытуға, жастар арасында толеранттылық пен Қазақстанда тұрып жатқан барша этностардың мәдени дәстүріне, тіліне және құндылықтарына құрметтеуге бағытталған.

«Қоғамдық келісім» КММ басшысы Әбілмажинова Дина Жанұзаққызы болып табылады.

 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15